Тұрғынға Түпқараған аудандық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-тармағының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Сот анықтағандай, былтыр тамыз айында азамат М.-дан Каспий теңізінің жағалауынан салмағы 219 келі 300 грамм ерекше ірі мөлшердегі бекіре тұқымдас балықты тауып, заңсыз иемденген. Артынша бекіре тұқымдас балықтарды сақтау мақсатында өз үйінің ауласына заңсыз тасымалдаған.
«Сот үкімімен азамат М. ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Осы бап бойынша ол 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.