Жүргізушілерді тәртіпке келтіру үшін Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданына «Сергек» камералары орнатылады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бүгін облыс әкімдігінің цифрландыру басқармасында «Сергек» камераларын орнату тәртібі талқыланды. Талқылаудан кейін бір ай өткен соң байқау жарияланады, содан кейін мамыр айына таяу камералар орнату туралы келісімге қол қойылады. Ал Ақтау қаласында жүзге жуық камера орнатылады.