Кәсіпкер қала әкімдігімен 10 жылға келісімшарт жасаған. Соның негізінде кәсіпкер жағажайды ретке келтіреді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, тәжірибе өз тиімділігін көрсетсе, басқа жағажайлар да сенімділік басқаруға берілмек. Бұл ретте қала басшысы жағажайға кіру тегін болатынын нақтылап өтті.
Ал кәсіпкер қосымша қызметтер, жеке дүңгіршектер орнату арқылы табыс табады.