Бүгін 25 -ақпан күні Ақтау қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту және жұмыссыздықты азайту мақсатында ұйымдастырылған шараға 27 кәсіпорын өкілдері қатысты. Атап айтса, «КазАзот» АҚ, «ҚазНИПИмұнайгаз» ЖШС филиалы, «М-Техсервис» ЖШС МФ сынды өндіріс орындары, туризм саласы бойынша «Rixos Water World Aktau» ЖШС, денсаулық сақтау саласында қызмет ететін емханалар мен ауруханалар, білім беру ұйымдары, құрылыс мекемелері, «Анвар» сауда үйі, шекара қызметі, Ақтау қалалық полиция басқармасы, қылмыстық атқару жүйесінің мекемелері 600-ге жуық жұмыссыз азаматтарға өздерінің бос жұмыс орындарын ұсынды.
Жұмыс іздеушілер өзі қалаған мамандығы бойынша бос жұмыс орындарына түйіндемелерін тапсырды.
- 2022 жылдан бастап Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырған шараға қала бойынша 6000-ға жуық тұрғын белсенді қатысты. Оның ішінде 286 азамат жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алып отырса, 1000-ға жуық тұрғынға тұрақты жұмысқа, 800-ге жуық тұрғынға уақытша жұмыс орнына орналастыру бойынша қызметтер көрсетілді, дейді орталық директоры Айдана Елшібекқызы.
Сонымен қатар, бұндай бос жұмыс орындары жәрмеңкелері алдағы уақытта онлайн және офлайн нұсқада жиі өтпек.