Әлеуметтік желіде Жаңаөзенде Жанболат Мамайдың жүрген видеосы тарады. Видеодан жаңаөзендіктердің Мамайды жұлқылап, итеріп, қуып жатқанын байқауға болады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тұрғындар Жанболат Мамайдың келгенін жақтырмаған сияқты, тіпті Мамайға бір адамның белгісіз нәрсе лақтырғаны байқалады. Ал видеода «Жаңаөзеннің жастары қарсы Жанболат Мамай деген адамға, арандатып келмесін. Мамай кет!» деген сөздерді естуге болады.
Айта кетейік, Жанболат Мамай қазақстандық журналист және Қазақстанның тіркелмеген Демократиялық партиясының жетекшісі.