Маңғыстау облысында бүгіннен бастап «Автобус» жедел профилактикалық іс шарасы басталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аталған шара 2 наурызға дейін жалғасады.
Қазіргі таңда Ақтау қаласы ПБ Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері қала аумағындағы жолаушылар және жүк тасымалымен айналысатын көліктерді тоқтатып, тексеріп жатыр.
Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, шараның мақсаты – көліктік тәртіпті арттыру және желіде қызметін тіркеусіз орындайтын азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру.
«Құрметті қоғамдық көлік жүргізушілері, Сіз өзіңізге артылған жауапкершілікті түсінуіңіз қажет. Көлік құралын басқарып, бірнеше адамның өміріне жауапты екендігіңізді естен шығармаңыз. Сондықтан әрдайым көліктің техникалық талаптарға сай болуын бақылауда ұстап, жол қозғалысы ережелерін бұзбауларыңызды сұраймыз!», - дейді облыстық Полиция департаменті мамандары.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА