© Суретті түсірген Т. Құсайын
Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асқар Сағымбаев хабарлады.
Облыста 21 емханада ревакцинация жұмыстары жүргізіліп жатыр.
-Қазіргі таңда өңірде 30 249 адам ревакцинациядан өтті. Оның ішінде 5698 медицина қызметкері, 701 мемлекеттік қызметкер, 4319 күш құрылым қызметкері, 1662 өндіріс қызметкер, 1311 вахталық әдіспен жұмыс жасайтын қызметкерлер, 4990 педагог, 123 әлеуметтік-медициналық және жабық балалар мекемелерінің қызметкерлері, 584-і 60 жастан жоғары адамдар болса, ал қалғандары студенттер,- деді Асқар Сағымбаев.
Жалпы, осыған дейін облыста вакцинаның I – компонентпен 217 145 (55,9%), II – компонентімен 197 258 (50,8%) адам егілген. Қазір қолданыста ресейлік «Sputnik V»; «QazVac»; «Синовак вероселл»; «CoronaVac»; «Pfizer» вакциналары бар.
Облысқа 156 610 доза Пфайзер вакцинасы келді. Қазіргі таңда I кезең бойынша 11005 дозасы егілді. Атап айтқанда 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер 6052, лактация кезеңіндегі және босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін 3410, жүкті әйелдерге 1543 доза вакцина егілді, 2 кезең бойынша 6979 дозасы егілген.