Бүгін 17 шағынаудан 1 үйдің алдында болған көлік апатынан зардап шеккен 5 жастағы баланың жағдайы - орташа ауырлықта. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Айтуынша, зардап шегуші жедел жәрдеммен балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда дәрігерлер баланы тексеріп жатыр. Жағдайы - орташа ауырлықта.
"Травматология бөліміне түсті. Басынан жарақат алған. Ем жүргізіліп жатыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.
Ал әйел облыстық аурухана жеткізілді. Маңғыстау облыстық ауруханасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жағдайы тұрақты, дәрігерлер тексеріп, үйіне жіберген.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА