Оқиға 17 шағынаудан 1 үй жанында болған. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сағат 13:20-да Ақтау қаласы ІІБ 102 ӨБ кезекшісінің пультіне «Дукат» тұрғын үй кешенінің алдында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы қоңырау келіп түсті.
"Chevrolet Aveo көлігінің жүргізушісі бұрылыс тетігін шатастырып, тротуардағы әйел мен 5 жасар баланы қағып кетті. Ана Маңғыстау облыстық ауруханасына, бала мен бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА