Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде. Полиция қызметкерлері қоғамдық көмекшілермен бірге қалалар мен ауылдардың көшелерін күзетуде.
Облыс бойынша бір тәулік ішінде коменданттық сағат кезінде көшеде жүрген 81 азамат анықталды. Төтенше жағдай енгізілгеннен бері коменданттық сағат режимін қайталап бұзған 69 азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Қалғандарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
8 блок-бекеттің қызмет атқаруы жалғасуда.
Қазір желі пайдаланушылары арасында ағымдағы жылдың 2-8 қаңтарындағы қайғылы оқиғалар туралы бейнероликтер белсенді түрде тарауда, олардың астындағы жазбалары шындыққа сәйкес келмейді. Бұл халық арасындағы әлеуметтік шиеленістің жаңа толқынының пайда болу қаупін тудырады.
Жағдайды ушықтырмаңыздар, осы оқиғалардың құрбаны болған отбасылардың қайғыларын ойынға айналдырмаңыздар деп әрқайсыңызға үндеу жасағым келеді!
Бұдан басқа, төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК 274-бабына сәйкес үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе шектеу түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Маңғыстау облысының коменданты
Бақтыбаев Жанарбек