Ақтаулық кәсіпкер Желтоқсан оқиғасына қатысқан Айша Айтжановаға пәтер кілтін табыстады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Тәуелсіздік жолында күрескен Айша Тұяқбайқызы биыл 70 жасқа толған. Осы ретте қаладағы құрылыс компаниялардың бірі батыр анаға баспана сыйлап, құрмет көрсетті.
Компания өкілінің айтуынша, қаншама адам желтоқсан оқиғасы кезінде қиындыққа қарсы тұрып, ел егемендігін алу үшін аянбай күресті. Қазіргі таңда желтоқсан қаһармандары қатардан алыстап барады. Өз заманының батыры болған қайсар жандарды бағалап, тәуелсіз елдің ұрпағы ретінде тосыннан қуантуды жөн көрген.
Ал «Бауыржан Момышұлы «Батыр Шапағаты» медалінің иегері Айша Тұяқбайқызы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында елеп, ескеріп жатқан кәсіпкерге алғыс айтып, ақ батасын берді.