Алматы-2–Маңғыстау бағыты бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның №111 Тальго пойызы жүріп бастады. Алғашқы рейс бүгін Маңғыстау стансасына ат басын тіреді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Пойыз 3 000 шақырымнан астам қашықтықты 42 сағатқа жуық уақытта жүріп өтеді. Жылдам пойыз жұп күндері жүреді. Бір құрамда 19 бірдей «турист» санатты вагон бар. Одан бөлек, бар және мейрамхана вагоны да жолаушылар қолайлылығы үшін қосылған. Тальго жылдам пойызы жолдағы уақытты 15 сағатқа қысқартып отыр.
Бұл пойыздың жолаушылары мультимедиялық ресурсты ішкі желі арқылы пайдалана алады. Ал билет құны 24 000 теңге.
Жолда ешқандай ахуал, кедергі болған жоқ. Жолаушылар өте көңілді. Алматыдан Маңғыстауға «Тальгоның» 2 құрамы жүреді, - деді пойыз бастығы Амантай Ұзақбаев.
Махаббат Нұржанқызы