Маңғыстаулық құтқарушылар қысқы кезеңдегі төтенше жағдайдың алдын алу және оларды жою мақсатында «Қыс – 2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облысы бойынша ТЖД баспасөз қызметінің айтуынша, оқу-жаттығу 11 – 12 қараша аралығында өтеді. 11 қараша күні сағат 10:00-де электр дабылдары іске қосылады. Тұрғындардан сабырлы болуды сұрайды.
«Оқу-жаттығуды дайындау мен өткізу кезінде төтенше жағдайларды жою, ескерту және байланыс жүйелерінің дайындығын, барлық деңгейдегі жедел кезекшілікті ұйымдастыруды, болжамдық-диспетчерлік қызметтердің, жедел штабтардың жұмысын тексеру жоспарланып отыр», - дейді ТЖД баспасөз қызметі.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА