Ақтау қаласы әкімінің айтуынша, жаңа «қызғалдақ» алқабы эскиздегідей емес. Егер нысан қайта дұрыс жасалмаса, ол қабылданбайды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, алғашқыда бұл жерге құттықтаулар үшін LED-экран орнату идеясы пайда болған. Алайда артынша компания қызғалдақ идеясын ұсынды.
«Біз бұл жұмысты әлі қабылдаған жоқпыз, ақысы да төленбеді. Бізге көрсетілген эскизде бәрі мүлдем басқаша болған. Біз бұл жерге Тәуелсіздік күніне орай құттықтаулар жазғымыз келді, бірақ жарықдиодтар арасындағы қашықтық әлдеқайда көп. Сондықтан мәтін жасау мүмкін емес. Келісемін, мәтінсіз мына жасап жатқан гүлді алаң эстетикаға сай емес, өте қарапайым көрінеді. Бізге көрсетілген эскиздегідей жасасын. Егер орындалмаса, ешқандай ақы төленбейді», - деді қала әкімі Н. Қилыбай.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА