Ақтаудағы ауыз су сапасының мәселесі қалай шешілетіні туралы брифингте айтылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау қаласының әкімі облыс орталығындағы басты проблемалардың бірі – ауыз судың сапасы екенін айтты.
"Крандардан қара су ағып жатыр. Кеңес заманынан бері металл құбырлар жер астында жатыр. Олар тот басады, содан кейінгі жөндеуден соң су қоңыр немесе қара болады. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша индустрия министрлігімен бірлесіп, біз инженерлік желілерді жаңғырту бағдарламасына кірістік. Оған біраз қаражат қажет болады. Келесі аптада министрлік өкілдері келіп, талқылайды. Жекелеген жөндеу емес, жаһандық жаңғырту болады. Өйткені қазір бүкіл әлем пластикалық құбырға көшті, ал біз әлі күнге дейін темір құбыр тұр", - деді Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.