© Сайт архивінен
Мұнай компаниясы қаланы безендіруге қаражат беруге дайын, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай айтты. Қала басшысының айтуынша, өткен жылы әкімдік кәсіпкерлерге өз нысандарының кіреберісін безендіруді өтінген. Бірақ, кәсіпорын иелері пандемияға және табыстың төмендеуіне байланысты бұл ұсыныстан бас тартқан. Биыл әкімдік тағы да кәсіпкерлерге өз ұсынысын айтады. Сонымен қатар, Ақтауда биыл екі жаңа шырша қойылмақ.
"Өткен жылы Ынтымақ алаңындағы шырша құлады. Ол 2016 жылы сатып алынған, ол бірнеше рет құрылып-жиналды. Біз тапсырыс беріп, жаңа шырша қоюымыз керек. Халық үшін жақсы іс істегіміз келеді, бірақ адамдардың қалалық мүлікке деген көзқарасы бірдей емес. Халық «Жұлдызды аспан» инсталляциясын сынға алды. Бірақ тіпті жұмыс күндері жүздеген адам серуендеп, суретке түсіп, клиптер түсірілді. Ал әткеншекке 10 адам бірден мәнеді, сосын ол әрине сынады. 12 шағын аудандағы әткеншектер балаларға арналған, бірақ оған ересектер де отырды. Бізде жаңа жылға қаланы безендіру концепциясы бар. Біз «МаңғыстауМұнайГаз» компаниясынан демеуші болуын сұрадық. Қазір келісу мәселелері жүріп жатыр. Бірақ олар қаланы жарықтандыру мен безендіруге қаражат бөлуге дайын", - деді Ақтау әкімі.