Маңғыстау облысында «World cleanup Day» бүкіләлемдік акциясы өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облыстық экология департаменті осы сенбі күні өтетін дүниежүзілік «World cleanup Day» тазалық акциясына барша тұрғындарды белсенді қатысуға шақырады. Бірлесіп заңсыз қоқыс төгілген үйінділерді анықтап жоюға, қоқыстарды қайта сұрыптауға, аумақтарды тазалауға атсалысуға болады.
Айта кету керек, «Дүниежүзілік тазалық күні» қоршаған ортанының ластануына және экологиялық ахуалдың жай-күйіне бей-жай қарамайтын табиғат жанашырларын біріктіреді. Сонымен қатар, өңірдің санитарлық ахуалын жақсарту мен одан әрі көріктендіруге септігін тигізбек. Осылайша аймақтың тазалығына барлық тұрғындар мен қонақтар өздерінің үлесін қоса алады.