Бүгін Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты Ақтаудағы Әзербайжан Консулдығының туы төмен түсірілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"Құрметті қазақстандықтар! Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамыз «Ұлттық аза тұту күні» деп жарияланды. Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты Әзербайжан Республикасының мемлекеттік туы төмен түсірілді. Бұл - ынтымақтың белгісі. Бас консулдық атынан Қазақстан халқына көңіл айтамыз! Алла разы болсын!", - деп жазды Әзербайжан Республикасының Ақтаудағы бас консулы Эльмар Мамадов.