Құрметті маңғыстаулықтар!
Кешегі «Есімханның ескі жолы, Қасымханның қасқа жолы», «Жеті Жарғылардан» тамыр алған еліміздің мерейлі мерекесі – Конституция күнімен баршаңызды құттықтаймын!
Конституция – саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің кепілі! Ата Заңымыздың бұлжытпай орындалуының арқасында еліміздің іргесі бекіді, халқымыздың татулығы мен тұрақтылығы нығайды.
«Бағалай білмегенге бақ қонбайды, Қуана білмегенге құт қонбайды» - деп абыз Әбіш ағамыз айтқандай, барымызды бағалап, Егемен еліміздің бірлігі мен ынтымағы үшін жасап жүрген игі ісімізге береке тілеймін!
Елдіктің туы лайым берік, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Құрметпен Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов