Маңғыстаулық шенеуніктер 200 млн теңге жымқырды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Маңғыстау облыстық экономикалық тергеу департаментінің хабарлауынша, Маңғыстау облысы құрылыс басқармасының басшысы Шабай Тәжіғараев, Бейнеу аудандық құрылыс бөлімінің басшысы С. Бисенов, «Бейнеу құрылыс» мердігер мекемесінің бас директоры Б.Саралтаев қамауға алынған.
2017 жылы «Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі» ММ мен мердігерлік ұйым арасында Бейнеу ауданының Сарға ауылына су тазарту қондырғысы мен ауылішілік су құбыры құрылысына мемлекеттік сатып алу шарты жасалғаны анықталды. Құжат құны 477,6 миллион теңге.
«2021 жылғы 24 тамыздағы сот-құрылыс сараптамасының қорытындысына сәйкес, 203,6 миллион теңгенің жұмысы орындалмаған белгілі болды. Күдіктілер Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде», - делінген хабарламада.