Маңғыстау облысының тұрғындары арасында COVID–19 коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты «Ashyq» жобасының қатысушысы болып табылмайтын және «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің жұмыс уақытына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Маңғыстау облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
1) «Ashyq» жобасының қатысушысы болып табылмайтын ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес) уақыт 17:00-ге дейін шектеумен, сенбі, жексенбі жұмыс жасауға тыйым салуға; «Ashyq» жобасына қатысатындары уақыт 10.00 ден 20:00-ге дейін шектеумен, сенбі, жексенбі жұмыс жасауға тыйым салуға;
2) «Ashyq» жобасының қатысушысы болып табылмайтын жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес) уақыт бойынша 17:00-ге дейін шектеумен, сенбі, жексенбі жұмыс жасауға тыйым салуға; «Ashyq» жобасына қатысатындары уақыт 10.00 ден 20:00-ге дейін шектеумен, сенбі, жексенбі жұмыс жасауға тыйым салуға;
3) «Ashyq» жобасының қатысушысы болып табылмайтын Банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері уақыт бойынша 9.00-ден 18.00-ге дейін шектеумен, сенбі, жексенбі жұмыс жасауға тыйым салуға; Банктер, ХҚКО («Ashyq» жобасына қатысатын) сенбі күні сағат 15.00 дейін жұмыс істеуге рұқсат, ал жексенбі күні жұмыс жасауға тыйым салуға;
4) «Ashyq» жобасының қатысушысы болып табылмайтын Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат, сенбі, жексенбі жұмыс жасауға тыйым салуға, тамақты жеткізу жұмысына рұқсат толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 07:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат, сенбі, жексенбі жұмыс жасауға тыйым салуға, тамақты жеткізу жұмысына рұқсат;
5) «Ashyq» жобасының қатысушысы болып табылмайтын Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат, сенбі, жексенбі жұмыс жасауға тиым салу, тамақты жеткізу жұмысына рұқсат; «Ashyq» жобасына қатысатын 09:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат, сенбі, жексенбі жұмыс жасауға тиым салу, тамақты жеткізу жұмысына рұқсат;
6) «Ashyq» жобасының қатысушысы болып табылмайтын жазғы алаңдар 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат; «Ashyq» жобасына қатысатын - толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 07.00-ден 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат;
7) Фуд-корттар10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат, сенбі, жексенбі жұмыс жасауға тыйым салуға, тамақты жеткізу жұмысына рұқсат; «Ashyq» жобасына қатысатын - толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат, сенбі, жексенбі жұмыс жасауға тыйым салуға, тамақты жеткізу жұмысына рұқсат;
8)Спорт объектілері (спорткешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттықтыру залдары), спорттық- сауықтыру орталықтары, фитнес-орталықтары, фитнес-клубтары, йога-орталықтары уақытын сағат 06:00- ден 17:00 –ге дейін шектеумен, сенбі, жексенбі жұмыс жасауға тыйым салуға; «Ashyq» жобасына қатысатын уақытын сағат 06:00- ден 00:00 –ге дейін шектеумен, сенбі, жексенбі жұмыс жасауға тыйым салуға;
9) СОО, сауда үйлері, сауда желілері уақытын сағат 17:00 –ге дейін шектеумен, сенбі, жексенбі жұмыс жасауға тыйым салуға; «Ashyq» жобасына қатысатын уақытын сағат 22:00 –ге дейін шектеумен, сенбі, жексенбі жұмыс жасауға тыйым салуға.