Жаңаөзенде «ЖОО-ға түсіріп беремін» деп ақша алған әйел ұсталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
2020 жылдың шілде айында Жаңаөзен қаласының тұрғыны жоғары оқу орнына түсіріп беремін деп алдап, ауыл тұрғынынан 152 000 теңге сомасында қаражат алған. Сондай-ақ, 2020 жылдың тамыз айында күдікті 42 500 теңге сомасындағы ақшаны иемденіп, осындай алаяқтық әрекетін қайталаған.
Биыл 9-15 аралығында өткен "Anti-Fraud" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті адамды ұстады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді. Қылмыстық іс бойынша тергеу оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, кінәліге қатысты түпкілікті шешім оның нәтижелері бойынша қабылданады, делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің таратқан ақпаратында.
- Құрметті азаматтар, телефон арқылы сөйлесу және белгісіз адамдармен интернет арқылы хат алмасу барысында алынған ақпараттың дұрыстығына көз жеткізіңіз. Алаяқтар өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ұялы байланыс операторлары мен банк мекемелерінің өкілдері, таныстар, тіпті сіздердің туыстарыңыз деп те таныстырады, - деп атап өтті облыстық Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев.