Ақшұқыр мен С.Шапағатов ауылдарына 3 вагон тегін шөп жеткізіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. Бұл туралы ауылдың еріктілері айтты.
Ақшұқыр ауылының әкімі Е. Жәнібектің айтуынша, мал басын түгендеу үшін комиссия құрылып, барлық тіркелген шаруа қожалықтары мен жеке үй шаруашылығындағы мал саны нақтыланды.
“Нәтижесінде, 22 шаруа қожалығы және 203 жеке үй шаруашылығының құжаттары ауыл шаруашылық басқармасына тапсырылып, тиісті қаражаттары мал иелерінің есеп шоттарына аударылуда. Аналық мал басын сақтап қалуға шаруа қожалықтарына - 16 млн 852 мың 868 теңге, жеке үй шаруашылығына - 16 млн 513 мың 485 теңге бөлінді.
Тіркелген малы бар тұрғындарға басқа өңірлерден жеңілдетілген бағамен 4 047 түк, 179 орама шөп және 47 т. (1000 қап, 92 тг, 47 кг) арпа сатылды. Сонымен қатар, 1 300 теңгеден 14 653 түк, 16 000-17 000 теңгеден 1 200 орама (рулон) шөп, килограммы 120-140 теңгеден 43 тонна арпа сатушы бағасымен сатылды.
Басқа өңірлерден ауылға 9 вагон тегін шөп жеткізілді. Барлығы 3200 түк, 40 орама (рулон). Ауыл белсенділері тіркелген малы бар тұрғындарға теңдей үлестірді. Осы уақытқа дейін ауылға барлығы 868 тонна жем-шөп жеткізілді. Ақшұқыр ауылына оператор болып «Байболат» шаруа қожалығы тағайындалды. 35 000 түк (595 тонна) шөп қорын қалыптастыруға міндеттелді. Сақтайтын орны дайын. Мал иелеріне ауылға келген жем-шөптен қыстап шығуға мүмкіндігінше қор жасап алу керегі түсіндірілуде”, дейді ауыл әкімі.