Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрғақшылықтан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету туралы үндеуі
Құрметті қазақстандықтар!
Ауа-райының қолайсыздығы мен оның салдары оңай болмай тұр. Қазақстанның көптеген өңірлеріндегі ерекше ыстық ауа райы құрғақшылыққа әкеп соқты. Жауын-шашынның аздығынан Маңғыстау облысы қатты зардап шекті.
Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар зардап шеккен аймаққа қолдау көрсетіп, қажетті жұмыстарды атқарып жатыр. Бүкіл ел бойынша еріктілер де қомақты үлес қосуда. Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері еліміздегі қуаңшылықтың салдарынан зардап шеккен тұрғындар мен фермерлерге көмек ретінде өздерінің бір күндік жалақыларын арнайы ашылған шотқа аударды.
Осыған орай, министрлік барлық меншік нысанындағы еңбек ұжымдарын қиын жағдайға тап болған отандастарымызды қолдауға және қолдан келгенше көмек көрсетуге шақырады.
РЕКВИЗИТТЕР
(төлемде құрғақшылықтан зардап шеккендерге қайырымдылық қаражатын көрсету міндетті):
Есепшоты: KZT / KZ71998PTB0001042659
Коды: 18 (КБЕ) БСН: 061040004608
Атауы: «Казимпэкс-Ақтау» Қоры.
БАНК «First Heartland Jusan Bank» АҚ Маңғыстау_ филиалы БИК TSESKZKA
Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, 67 «А» үй.
БАНК БСН: 060141000980
Жедел бөлімшенің басшысы / ҚҰ Исатаева Жайнагүл Мақсұдқызы
Тел.87292 301303 іш.1038
Банктің жауапты қызметкері Бимұхамбетова Ақмарал Ахметқызы
Тел.+ 7 (7292) 301-303 іш.1023
Қордың басшысы Мамашұлы Дайрабай Тел. +7 771 221 2222
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі