Маңғыстау облысы жаңа оқу жылында оқушыларды мектепке қабылдауға толық дайын. Алайда, мектеп мұғалімдері 100% екпе алғанда ғана балалар дәстүрлі білім беру форматына көшеді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында денсаулық сақтау министрі мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Бүгінде Маңғыстау облысында мектеп педагогтарының 80%-ы, техникалық қызметкерлердің 56% вакцина алды. Мұғалімдердің толықтай екпе салдыруы балалардың қауіпсіздігі үшін аса маңызды. Сондықтан да білім саласы қызметкерлерінің барлығы екпе алып, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінулері тиіс», - деді Үкімет отырысында жаңа оқу жылына дайындық барысын баяндаған облыс әкімі С. Трұмов.