Кеше «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Онлайн форматта өткен отырысты кеңес төрайымы Ж. Ахметова ашып, отырыста үш мәселе қаралатынын айтты.
Бірінші мәселе «Отбасын жоспарлау» кабинетінің жұмысы туралы МО денсаулық сақтау басқармасының есебін басқарма басшысы Л.Есенғалиева баяндады. Оның айтуынша, мектептер мен колледждерде «Отбасын жоспарлау жөнінде» лекциялар оқылады, өңір бойынша мұндай сабақтардың 3001 қатысушы бар. Облыстағы 17 медициналық мекемеде «Отбасын жоспарлау» кабинеті бар.
- Өкінішке орай, 8 емханада «Отбасын жоспарлау» кабинеті жоқ. Бұл тақырыптарда жалпы тәжірибелі дәрігерлер, психологтар мен акушерлер жұмыс жүргізеді. Мамандар контрацепция, отбасын жоспарлау сияқты мәселелер бойынша қабылдау өткізіп, кеңес береді. Отбасын жоспарлаудың барлық аспектілерін насихаттайды, - дейді Л. Есенғалиева.
Екінші мәселе «Бақытты отбасы» партиялық жобасының 2021 жылға арналған Жол картасының орындалу барысы туралы баяндаманы «Nur Otan» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы жанындағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Г. Жугембаева оқыды.
- «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында 19 шара өткізіліп, 248 адам қамтылды. 2020 жылы жоба аясында заңсыз әрекеттерге ұшыраған отбасылар мен балаларды анықтау мақсатында құрылған жедел әрекет ету тобының жұмыс жоспарына сәйкес «Отбасындағы зорлық зомбылыққа жол жоқ», «Түнгі қаладағы балалар» акциясы аясында жыл басынан бері 8 рет рейдтік шара өтті.
«Бақытты отбасы» жол картасының бесінші пункті Аз қамтылған отбасылардың және қиын жағдайларға тап болған отбасылардың балаларын тегін үйірмелермен қамтамасыз ету мақсатында қалалық спорт бөлімі жеке спорт және мәдени үйірмелермен бірнеше меморандумдар жасақталды. Атап өтетін болсақ: «Арман тұлпарлары» Жаңаөзен ұлттық ат спорты түрлері федерациясы, "Садақ ату" орталығы, «Энергетик» Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жүзу бассейні, «Нұрәлем» мүгедектерге арналған ат спорт клубы және «Асыл Мұра» өнер студиясымен меморандумдар жасақталды, - деді Г. Жугембаева.
Үшінші мәселе «Өңірлердің өмірлік қиын жағдайда қалған отбасыларға практикалық көмек көрсету және әйелдер, жасөспірімдер, балалар проблемаларын шешу жөніндегі жедел ден қою топтарының жұмысы» туралы есепті Жаңаөзен қаласы полиция басқармасы, жергілікті полиция қызметі бөлімі әйелдерді зорлық-зомбылықты қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры А. Жакупова баяндады.
- Жаңаөзен қаласы бойынша әйелдерге және балаларға қатысты тіркелген құқық бұзушылықтарға азырақ шолу жасап кетсем, жалпы жыл басынан бері тұрмыстық қатынастар саласында 177 құқық бұзушылық тіркелді, олардың барлығына дерлік ӘҚБтК-нің 73 бабы бойынша хаттамалар толтырылды, соңғы шілде айында 42 тұлғаға қатысты қорғау нұсқамалар орнатылды. Жыл басынан бері 60 тұлғаға ерекше талаптар орнатылды. Жаңаөзен қаласы полиция басқармасының профилактикалық есебінде «қолайсыз отбасы» санатымен 27 тұлға есепте тұр. Олардың тұрмыс жағдайы ай сайын полиция қызметкерлерімен тексеріліп тұрады. Балаларына теріс мінез-құлық көрсететін ата-аналармен профилактикалық сұхбат жүргізіліп, түсініктемесі алынады, - деді ол.