© Фото скриншот
Жаңаөзен қаласында мониторингтік топ кезекті рейдті жүргізу барысында "Керуен" кафесінің карантин талаптарын бұзғанын анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"Керуен" кафесі қаулыда көрсетілген уақытқа бағынбай 15 адамға арналған "Көңіл шай" рәсімін өткізуге тапсырыс алған. Кафенің әкімшісінен түсініктеме алынып, келушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көпшілік шара сол мезетте тоқтатылды.
Осыған байланысты құжаттар жинақталып, жауапты мемлекеттік органға жолданды.