Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің «Абай» студиясында өңірге белгілі спортшылармен кездесу ұйымдастырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Пара пауэрлифтингпен айналысатын Ғани Ісентеміров пен Ерлан Ысқақов спорт саласындағы жаңалықтарымен бөлісті. Екі спортшы да пара пауэрлифтингтен Қазақстан ұлттық құрама командасының тізіміне енген. 2021 жылы аталған спортшылар Әлем кубогында ІІ және ІІІ орындарды иеленген.
Аталған шара 12 тамыз спорт күніне орай өтті.
Қазіргі таңда Ақтау қаласында 83 спорт түрі бар. Оның ішінде олимпиада ойындарына кіретін 27 спорт түрі, олимпиадалық ойынға кірмеген 29 түрі болса, ұлттық спорттың 11, мүгедектік спорттың 15 түрі және техникалық 1 спорт түрі бар.
Айта кетейік, Ақтау қаласында 362 спорт нысаны бар. Онда 70 мыңнан астам тұрғын спортпен шұғылданады.