Жаңаөзен қаласында мониторингтік топ "COFFEE MALL" кафесінің сағат 22.30-да келушілерді қабылдап жатқаны анықтады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Карантин талаптарына сәйкес аталған нысан қызметін 20.00-де тоқтатуы тиіс болатын. Меншік иесіне хаттама толтырылды.
Мониторингтік топ қала тұрғындарына санитарлық—эпидемиологиялық ахуалдың күрделілігін ескеруді, көпшілік шараларға қатыспау керек екенін айтуда. Көпшілік шараларда коронавирустық инфекцияның симптомсыз тасымалдаушысы болуы әбден мүмкін, делінген хабарламада.