ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 14 шілдедегі №32 жаңа қаулысында вакцинациялау мерзімдері анықталды және қызметкерлері егілуі тиіс нысандардың тізімі жаңартылды.
Төменде көрсетілген мекеме қызметкерлері екпенің бірінші компонентін 10 тамызға дейін, ал екіншісін 1 қыркүйекке дейін алу қажет.
Мына нысандардың қызметкерлері вакцинациядан өтуі керек: халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Қазпочта» АҚ филиалдары, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының нысандары, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау ғимараттары, кір жуатын орындар, фитнес, спорт кешендері, спорттық -сауықтыру орталықтары, СПА мен массаж салондары/орталықтары/ кеңселері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық қызметтер, тігін ательелері, фотосалондар, аяқ киім дүкендері, гүл сататын дүкендер, аяқ киім жөндеу орындары, киім -кешек, кеңсе жабдықтарын жөндеу орындары, нотариус, бухгалтер және кеңес беру қызметін ұсынатын нысандар, маникюр мен педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсететін орындар.