Маусым айынан бері Қазақстанның ауқымды бөлігінде тараған құрғақшылыққа көмек ретінде Еуропалық Одақ гуманитарлық көмек ретінде 200 000 еуро (100 миллион тенге) көлемінде қаражат бөледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Көмек Маңғыстау мен Түркістан облыстарының аса зардап шеккен аудандарының шамамен 6,000 тұрғындарына көрсетіледі.
Еуроодақтың бұл қаржылық көмегіне Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы келесі шаралар арқылы қолдау көрсетеді: шұғыл көмек ретінде құрғақшылық кесірінен табыс көзінен айырылып, азық-түлікке тапшы болған адамдарға олардың күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын қаржылық көмекті үйлестіру; сондай-ақ, ыстық өту пен өрт қауіпсіздігі сияқты құрғақшылық пен өте жоғары температураның салдарынан туындайтын адам денсаулығына қатысты қауіп-қатерлер туралы хабардарлықты арттыру іс-шаралары.
Аталған қаржылық көмек - Еуропалық Одақтың Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Халықаралық Қоғамдар Федерацияларының (IFRC) табиғи апат жағдайында Төтенше Көмек Қорына (DREF) қосқан үлесінің бір бөлігі.