© Видеодан скриншот
Ақтауда бүгін мониторингтік топ PR мейрамханасына Полиция департаментінің арнайы жасағының арқасында кірді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мейрамхана ішіне кірген мониторингтік топты көрген жастар ғимараттың бұрыш-бұрышына тығылумен болды. Алайда жастар нысаннан шығарылып, мейрамхана әкімшілігіне тиісті Акт толтырылды, делінген Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Еске сала кетейік, өңірде провизорлық орталықтағы науқастар санының күрт көбеюіне байланысты мониторингтік топ күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.