Кеше Маңғыстау облысында 208 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.
Оның 120-ы Ақтау қаласының тұрғыны, 22-і Мұнайлы ауданының тұрғыны, 15-і Маңғыстау ауданының тұрғыны, 11-і Бейнеу ауданының тұрғыны, 18-і Түпқараған ауданының тұрғыны, 7-і Қарақия ауданының тұрғыны, 15-і Жаңаөзен қаласының тұрғыны.
Науқастардың ішінде 142 симптомды, 66 симптомсыз коронавирус жұқтырған.
Осы дерттен 4 адам көз жұмды.