Жаңаөзен қаласының өндірістік аймағында мал базары ашылды. Мал базардың жер учаскесі – 0,7 га, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Базарда 21 ұсақ малға, 8 ірі малға арналған қора салынған. Орталықтың ішінде малды сатып ғана қоймайды, оны жуып, тазалау қызметтері де қарастырылған. Мал дәрігеріне де орын бөлінген.
Қазіргі таңда аталған мал базарда 50 адам жұмыс істейді. Кәсіпкердің айтуынша, алдағы уақытта 30 адамды жұмысқа қабылдауды жоспарлап отыр.