Биыл Қазақстанда ауылдық округтер мен кент әкімдерінің сайлауы өтеді. Қазақстандықтар алғаш рет өз елді мекендерінің басшысын өздері таңдайды. Атап айтқанда, 2021 жылдан бастап алғаш рет аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді.
Маңғыстау oблыcтық caйлаy кoмисcиясы төрағасының орынбacары Исахан Сағынбаевтың айтуынша, 2021 жылдың 25 шілдесінде аймақта 10 ауылдық округте сайлау өткізілетін болады.
Облысымызда сайлау ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз ететін 1 облыстық, 2 қалалық, 5 аудандық, барлығы 8 аумақтық сайлау комиссиями қызмет атқаруда.
25 шілде күні өтетін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға 4 аудан қатысады.
1. Бейнеу ауданында Сарға, Есет, Төлеп, Сам ауылдық округтарының әкімдері сайланады. Аталған округтарда 5 сайлау учаскесі бар. Сайлаушылар саны - 2380 адам.
2. Қарақия ауданында Құланды ауылдық округінің әкімі сайланады. Округта 1 сайлау учаскесі бар. Сайлаушылар саны – 837 адам.
3. Маңғыстау ауданында 4 ауыл әкімі сайланады, олар Жармыш аулы, Қызан ауылы, Онды ауылдық округі мен Тұщықұдық ауылдық округі. Онда 5 сайлау учаскесі болады. Сайлаушылар саны – 4040 адам.
4. Түпқараған ауданы бойынша – 3 сайлау учаскесі бар. Сайлаушылар саны 6502 адам, Ақшұқыр ауылының әкімі сайланады. Барлығы 4 аудан бойынша 13759 сайлаушы қатысады.
Бұл комиссиялардың жұмыстарын жүргізу үшін жалпы саны аумақтық сайлау комиссияларынан – 35, учаскелік сайлау комиссияларынан – 88 мүшелері тартылады.
Сайлау науқанына дайындық бекітілген Күнтізбелік жоспардың аясында жүргізіледі.
Негізгі жұмыс - сайлауды тағайындау және ұйымдастыру аудандық деңгейдегі аумақтық сайлау комиссияларында атқарылады. Науқанның жалпы ұзақтығы - бір ай. Қорыта айтқанда, сайлау науқаны жоспарлы түрде жүргізіледі.