Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қарулары мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2021 жылдың 20 сәуірінен бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қарулары мен оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құралдарды сатып алу акциясы басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мемлекет азаматтардың өз еріктерімен тапсырған әрбір қарулар мен оқ-дәрілері үшін 100 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы белгіледі.
Бүгінгі күнде облыс бойынша өз еркімен қару мен олардың оқ-дәрілерін тапсыру бойынша азаматтардан 24 өтініш келіп түсіп, осы кезге дейін 30 қару және 107 оқ-дәрілер алынды. Тапсырылған заттардың жалпы сомасы – 1 млн. 94 мың 424 теңгені құрап отыр.
– Облыста акция әлі де жалғасуда. Заңсыз сақталған атыс-қаруларды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азамаииар әкімшілік және қылмыстық жазадан босатылады. Қарулар аймақтық ішкі істер бөлімдерінде қабылдануда, – деп атап өтті облыстық ПД бастығы Ж.Бақтыбаев.