«Қаламқас» кенорнында екпе егу пункті ашылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Коронавирус індетінің таралуының алдын алу мақсатында «Қаламқас» кенорнының қызметкерлері Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова және эпидемиолог Марал Қадырмен кездесті. Жиын барысында Марал Қадыр азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, еліміздегі вакцинация науқаны туралы кеңінен ақпарат берді. Қызметкерлер екпе алудың артықшылығы мен вакцина түрлері туралы жан-жақты ақпарат алды.
Кездесуде аймақтағы эпидемиологиялық ахуал туралы ақпарат берілді. Мамандар тұрғындарды екпеге қатысты түрлі алып-қашпа әңгімелерге сенбеуге, өзінің және жақындарының денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды.