Қазақстанда өткен тәулікте 2499 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 214, Алматы қаласы - 760, Шымкент қаласы - 40, Ақмола облысы - 107, Ақтөбе облысы - 247, Алматы облысы - 164, Атырау облысы - 104, Шығыс Қазақстан облысы - 60, Жамбыл облысы - 182, Батыс Қазақстан облысы - 50, Қарағанды облысы - 202, Қостанай облысы - 132, Қызылорда облысы - 13, Маңғыстау облысы - 87, Павлодар облысы - 65, Солтүстік Қазақстан облысы - 43, Түркістан облысы - 29.
Жалпы пандемия басталғалы коронавирус жұқтырғандар саны - 314 082. Оның ішінде жазылғандар саны – 268 439.