Ақтауға 10 950 доза көлемінде "Sputnik V" вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz МО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Вакцинация басталғалы өңірге барлығы 18 600 доза вакцина жеткізілді. Қазір вакцинаның жалпы саны 29 550 доза.
9 сәуір күні Маңғыстау облысында жалпы екпе алғандар саны 6 678 адамды құрады.
Келесі аптадан бастап ірі сауда үйлерінде, спорт мектептерінде, колледждерде, "Ақтау" сауда ойын-сауық орталығында қосымша жылжымалы егу пункттерін ашу жоспарланып отыр. Арнайы бригадалар Халыққа қызмет көрсету орталығында, "Атамекен" ӨКП және т.б. нысандарда жұмыс істейді.