Бүгін Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы Сембіғали Закенов бастаған бір топ депутаттар облыс орталығының 39 шағынауданында іргетасы қаланған Ержан Хазірет мешітіне барып, құрылыс жұмыстарын көрді.
Халық қалаулылары өз қолдарымен балшық тасып, кірпіш қалады.
- Ақшаңқан қаламызда Алла үйлерінің саны артса, бүгінгі ұрпақ мешітке келіп, имандылыққа бет бұрар деп сенемін. Атақты Ержан Хазірет атамыздың атын иеленген мешіт шамамен 1 мыңға адамға арналған, құрылысы жыл соңына дейін бітеді деп жоспарланып отыр,-дейді Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.
Қала басшысының айтуынша, биыл Ақтаудағы 17 шағынауданындағы ескі мешіт орнына жаңа ғимарат бой көтермек. Сондай-ақ, алдағы уақытта облыс орталығының төменгі шағынаудандарында имандылық үйін тұрғызу жоспарда бар.