Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне орай, «Jas Otan» жастар қанаты облыстық «Nur Otan» партиясымен бірігіп, «Бақытты отбасы» жобасы аясында аутизмге шалдыққан ерекше балалармен облыстық қан орталығының аумағында тал екті.
Шараға облыстық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Е.Әбілов, облыстық «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Н.Мағдатов, облыстық мәслихат депутаттары А.Салманов, А.Өрісбаев, К.Ешманов, «Арда-Актау» ҚБ, «Открой свое сердце» ҚҚ, Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, Ақтау қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімі атсалысты.
Аутизмге шалдыққан балалар мен ата-аналарын арнайы шақырдық. Пандемияға байланысты көптеген шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ. Сондықтан, таза ауада тал егіп, балаларға көңіл бөлініп, серпіліп қалатын шараны өткіздік. Алдағы уақытта партия «Бақытты отбасы» жобасы арқылы мемлекеттік органмен тікелей байланыста болып, аутизмге шалдыққан балаларға арналған орталық ашуға, балалардың құқығын қорғап, мәселелерін шешуге жұмыстанатын болады, - деді Наурызбек Мағдатов.
Баласын жетектеп келген ата-аналар да дән риза. Олардың айтуынша, қоғамда осындай ерекше балалардың бар екенін де ұмытпау керек.
2007 жылы құрылған «Арда-Ақтау» аутизм диагнозына шалдыққан балалардың ата-аналарының ашық қоғамының мүшесімін. Әлем бойынша аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күнін қолдап, жыл сайын осындай жиындар ұйымдастырып, балаларды қатыстырып тұрамыз. Осы шарада партия мүшелерімен балаларымыз бірігіп, ағаш отырғызды. Мұндағы мақсат – біздің балаларымызды қоғамға қосу. Балаға орта, таза ауа, қоғам қажет. Сондықтан да біз олар үшін белсене атсалысамыз, - деді балалардың бірінің анасы С. Қожаева.
Шалқар Абылова