Бүгін сағат 14.00-де Ақтау қаласы полиция басқармасының 102 кезекші пультіне "Ардагер" сауда орталығына бомба қойылғаны туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Полиция сауда орталығының ғимаратын тексерді, бірақ жарылғыш зат табылған жоқ.
Полиция қызметкерлері аз уақыт ішінде жалған хабар берген адамды анықтады. Ол Ақтаудың 63 жастағы тұрғыны. Сонымен қатар, оның мас күйде болғаны анықталды. Ол Ақтау қаласының полиция басқармасына жеткізілді, делінген МО полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.