Ақтауда кемелерді орналастыру пункттерінің диверсияға қарсы қорғанысын ұйымдастырудан әскери-теңіз күштері мен теңіз жаяу әскерлері бригадасының бірлескен оқу-жаттығуы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дабыл беріле сала арнайы мақсаттағы жауынгерлік барлау батальоны көтерілді. Арнайы мақсаттағы барлау ротасына Әскери-теңіз күштерінің объектілерін күзету және қорғау туралы жауынгерлік оқу-жаттығу міндеті қойылды.
Бөлімшелер ұйымдасқан түрде кемелер орналасқан аймаққа марш жасап, содан кейін қарсыластың су асты диверсиялық күштерінің енуіне жол бермеу үшін Әскери-теңіз күштерінің пирстері мен кемелерін күзетуді және қорғауды ұйымдастырды. Бөлімшелердің жеке құрамы қолбасшылықтан өрт сөндіру және медициналық командаларды қолдану бойынша түрлі нұсқау алды. Ал әскери теңізшілер теңізге шықты.
Аталған оқу-жаттығуға штаттық қару-жарақпен барлығы 150-ге жуық әскери қызметші, әскери және арнайы техника жұмылдырылды.
Бұл оқу-жаттығу жеке құрамға су астындағы диверсияға қарсы іс-қимылдар мен күзет іс-шараларын ұйымдастыруға қажетті практикалық машықтарды үйренуге мүмкіндік берді.
Осындай бірлескен оқу-жаттығу жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес ұдайы түрде жауынгерлік жағдайды күшейте отырып өткізіледі.