ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық базасы қалпына келгендіктен, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Айта кетейік, бүгін ҚР ІІМ ӘПК-нің базасында ақаулықтар болғандықтан, мамандандырыған ХҚО қызметі уақытша тоқтатылған еді. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстарының арқасында база іске қосылып, автоХҚО-лар штаттық тәртіпте жұмысын жалғастыруда, делінген хабарламада.