Ақтау қаласының әкімдігінің қызметкерлері 29 а ш/а орналасқан “Атбұлақ” газ құю бекеті ҚазГӨЗ-ден алынған сұйытылған газды 75 теңгеге сатқанын анықтады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақтау қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Ақтау қаласы әкімдігі қызметкерлері мен жергілікті полиция өкілдері жеке кәсіпкер Избановқа акт толтырды. Әрі қарай акт ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне шара қолдануға жолданатын болады.
Айта кетейік, Ақтауда газ құю бекеттеріне мониторинг жұмыстары күніне 4 рет жүргізіліп жатыр.