Павлодарлық азаматтың «Маңғыстау газы 48 теңгеден сатылуда», - деген ақпараты шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Павлодар қаласы Жаңаөзеннен 3000 шақырым қашықта орналасқан. Тіпті ең аз көлік шығындарымен есептегеннің өзінде, Жаңаөзеннің "ҚазГӨЗ" – нан шығарылған сұйытылған мұнай газын 50 теңгеден төмен бағамен сату тиімсіз. Видеоның авторы көрсетілген көлік отынының Маңғыстау облысында шығарылғанына бір де бір дәлел келтіре алмайды. Сондай-ақ, ол бейне материалды растау немесе теріске шығару үшін өзі туралы ақпарат қалдырмаған. Сондықтан, бұл бейнені ресми ақпарат ретінде қабылдауға болмайды, делінген ақпаратта.