Маңғыстауда 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күніне орай өтетін жалпыхалықтық жиындарға рұқсат жоқ, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті. Оның айтуынша, 17 наурыз күні өңірдегі коронавирус инфекциясы бойынша репродуктивті көрсеткіш 1,05 құрады. Осыған байланысты, барлық мерекелік шараға тыйым салынған.
«Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында алдағы мейрамға қарсы қатаң локдаун жарияланды. Біз де сақтық шараларын есімізден шығармайық. Ұлыстың Ұлы күнін үйде отырып, өз отбасымен тойлаған дұрыс. Өйткені, адамдардың сыртта жиі жүруі, бір-бірімен тығыз қарым-қатынасы коронавирус індетінің өршуіне әкеледі», - деді Ғазиз Надуев.
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН