Бүгін Маңғыстау облыстық ауруханасының кіші қызметкерлеріне алғыс айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Шара 1 наурыз Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылып отыр. Яғни пандемия кезінде жұмыс істеген орта және кіші қызметкерлерге сый-сияпат беріп, жылы лебіздерін білдірген.
«Мерекелік шараға Маңғыстау облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Әзербайжан этно-мәдени бірлестігінің басшысы Шамсадин Гусейнов демеушілік білдірді. 30 медицина қызметкеріне тәтті таратып, ақ орамалды сыйға бердік», - дейді Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасы қоғамдық келісім мекемесінің басшысы Амангүл Жайылханова.
Оның айтуынша, бүгін мұндай шара өз жалғасын табады.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА