Мұнайлы ауданындағы «Көңлімқос» медициналық орталығы тәуліктік ем алу стационары болып ашылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Е. Күмісқалиев, аудан әкімінің кеңесшісі Қ. Оңдабаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Т. Әміров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ш. Әбілов, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абылай Ахмедов, аудандық санитарлық бас дәрігері Б. Исаева, облыстық депутаты Г. Тасболатова мәлихат аудандық мәслихат депутаты М.Жангітова қатысты.
Мұнайлы ауданының тұрғындары үшін жатып емделуге арналған аурухана жоқ еді. Бұдан былай тұрғындар «Көңлімқос» медицина орталығына ем қабылдай алады.
Аудан тұрғындары жатып емделу үшін алдымен аудандық орталық емханаға қаралып, дәрігердің емделуге арналған жолдамасымен келуі керек. Халық қажеттілігі үшін аудандық ауруханамен етене жұмыс жасауға дайынбыз. Біздің мақсатымыз ортақ. Яғни, тұрғындардың денсаулығын нығайтуға атсалысу. Мұнда жатқан емделушілерге тегін ем-дом көрсетіліп, үш мезгіл тамақ беріледі.Тәулік бойы біздің бақылауымызда болады. Сонымен қатар, аудандық орталық емханада жоқ талдамаларды жасауға және УЗД жүргізуге болады. Бірақ барлық қызмет аудандық емхана дәрігерлерінің жолдамасы бойынша көрсетіледі, - дейді аурухана директоры Нұрберген Әбіл.
Бұл орталықта емделушілерге барлық жағдай жасалған. Мұнда жүрек қағысы мен қан қысымын бақылауға алатын және жансақтау бөліміне арналған дефибриллятор аппараттары орнатылған. Тәуліктік стационарда емделушілерге 20 орын, күндізгі стационарда емделушілерге 10 орын дайындалған.