Ақтау гарнизонында кемелердің орналасу пункттерінің су диверсияға қарсы қорғаныс мәселелері бойынша үш кезеңді оқу-жаттығу өткізілді.
ҚР Әскери-теңіз күштерінің пирстерінде бірнеше әскери бөлімдермен өзара іс-қимыл жасап, шартты қарсыластың корабльдерге, гидротехникалық құрылыстарға және жағалау объектілеріне қарсы диверсиялық-барлау іс-қимылдарының алдын алды.
Әскери сүңгуірлер корабльдің корпусы мен түбін миналау тұрғысынан қарап шықты. Жау күштерін тиімді түрде көрсету үшін теңіз жаяу әскерлері бригадасының барлау бөлімшелері тартылды.
«Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының басқармасында айтылғандай, бұл жаттығудың басты мақсаты – штаб пен кеме экипаждарының дайындық деңгейін тексеру, әскери сүңгуірлермен және теңіз жаяу әскерлерімен корабльдер орналасқан пункттің су-диверсияға қарсы қорғанысын ұйымдастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды нығайту», - дейді Ақтау гарнизоны баспасөз қызметі.
«Мұндай оқу-жаттығу әскери-теңіз күштерін қорғау үшін қажет. Сондықтан әрбір әскери қызметші жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келу кезінде өз міндеттерін білуі керек», - деді су-диверсияға қарсы қорғаныс қызметінің бастығы 3-дәрежелі капитан Алмас Битманов.
Жалпы қойылған міндеттер сәтті орындалды. Жеке құрам қажетті практикалық тәжірибе алып, өзінің кәсіби білімін арттырды.